Жобалар

Қолданыстағы жартылай дайын былғары өнімдерін және тауарлық былғары өндірісін жаңғырту

Жариялау күні : 29.08.2018
Жоба: «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС

Былғары өнімдері және ішік пен теріден жасалған бұйымдар өндірісі

Негізгі активтер

— Ірі қара мал терісін өңдейтін және хромдық илеу арқылы алынған жартылай дайын былғары өнімін, галантереялық, жиһаздық, дайын тауарлық аяқ киім былғарысын жасап шығаратын былғары зауыты (жоспарланған өндірістік қуат – жылына 125 млн. шаршы дм былғары);

— Ұсақ қара мал терісін өңдейтін және қой терісі мен ішіктен тігілген жартылай дайын өнім жасап шығаратын қой терісі мен ішік зауыты (өндірістік қуат – жылына қой терісінен жасалған 1 000 мың жартылай дайын өнім);

— Ішік пен теріден жасалған киім тігу өндірісі;

—  Құрамында хром бар өнеркәсіптік ағындарды тазартатын ғимараттар.

Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Сәтпаев к-сі, 164

Инвестициялық жоба туралы мәлімет

Жоба атауы «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС
Нысаналы мақсаты Мал түлігінің терісін өңдеу, былғары өнімін жасап шығару және сату
Жоба өңірі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.
Өндірістік қуаты жылына 75-тен 122 млн. шаршы дм-ге дейін былғары өнімі;
жылына 147 мың данаға дейін ішік пен теріден жасалған бұйымдар шығару.
Технологиялық жабдық 1.Жібіткіш күлдеуші барабандар;
2. Гидравликалық шелдеу машинасы;
3. Гидравликалық қосарлау машинасы;
4. Хромдық илеу барабандары;
5. Гидравликалық тегістеуші сығу машинасы;
6. Гидравликалық сүргілеу машинасы;
7. Сырлағыш майлаушы барабан;
8. Былғарыны таратып салуға арналған үш үстелі бар вакуумдық кептіргіш;
9. Былғарыны кептіруге арналған аспалы тасымалдауыш және қондырғы;
10. Туннель түрінде жасалған кептіргіш машина;
11. Дайын өнімді вакуумдап қаптау жабдығы;
12. Былғарыны түпкі өңдеуге арналған білікшелі тегістеу машинасы;
13. Сырлағыш майлаушы полипропилен барабан;
14. Былғары өндірісіндегі технологиялық процесстерді басқаруға арналған сенсорлы пульт;
15. Былғарыны себу әдісімен сырлау жолы;
16. Полиуретанды жабыны бар кесінді өндіру желісі;
Болжалды өнім — хромдық илеу арқылы алынған «Wet blue» жартылай дайын өнімі;
— аяқ қиім сrust;
Өткізу нарығы РФ, ҚҰР, Индия, Италия;
Қоғам қызметінің мәртебесі жұмыс істеп тұрған компания
Бәсекелі орта (тұтынушылар) ҚР-да ұқсас зауыттар жоқ
Жоба стратегиясы Кәсіпорынды жобалық қуатқа шығару

Фотосурет галереясы

Артқа қайту