Жаңалықтар

Қазақстанның Инвестициялық қорында директорлар кеңесі өтті

Жариялау күні : 26.09.2018

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесі «Бәйтерек» Холдингі Басқарма Төрағасының Орынбасары Ануар Омарходжаевтың төрағалық етушілігімен бірқатар мәселелерді қарастырды.

Бетпе-бет отырыс барысында мыналар бекітілді: «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ 2018 жылдың 2 тоқсанындағы Даму жоспарын орындау туралы есеп, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша шаралар Жоспарына өзгерістер, Директорлар кеңесінің, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ 2018 жылғы Директорлар кеңесінің Комитеттерінің жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар.

Сырттай отырыс қатысушылары мәміле жасау туралы 25.09.2018 ж. №12 шешім қабылдады, оны жасауда «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мүдделі болып келеді, - бұл «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен парковка орындарын жалдау бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартқа қосымша келісімге қол қою жолымен мәміле.

Бұдан басқа, Директорлар кеңесі акцияларының он және одан артын пайыздары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-на жататын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылданды, атап айтқанда Қордың еншілес компаниясы «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің 2017 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – стресстік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы ұлттық даму институты және басқарушы компаниясы. Қор «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Артқа қайту