Жаңалықтар

Қазақстанның инвестициялық қоры Директорлар кеңесі өтті

Жариялау күні : 21.08.2018

«Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасының Орынбасары Ануар Омарходжаевтың төрағалық етуімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесімен бірқатар мәселелерді қаралды.

Көзбе-көз отырыс барысында бекітілді: 2018 жылғы 2-тоқсанға арналған «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы есеп және тәуекел жөніндегі есеп, 2018 жылға арналған бизнес-үдерістердің, тәуекелдердің мен бақылаудың матрицасы, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Омбудсмені туралы ереже, сондай-ақ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері туралы жаңа редакцияларда ереже бекітілді.

Отырысқа қатысушылармен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мүддесі бар мәмілені жасау туралы шешім қабылданды, - бұл мәмәле «Orda Glass» ЖШС-мен 22.08.2018 ж. № 237 мүлікті жалға беру шартына қол қою арқылы  және Қордың еншілес компаниясының жылдық қаржылық есептілігі бекітілді - 2017 жыл үшін «Capital Logistics» ЖШС.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның ІТ-қауіпсіздік бойынша есебі қаралды және «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, корпоративтік хатшысының жұмысы туралы және 2018 жылдың 2-тоқсаныны үшін «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ корпоративтік хатшы қызметінің негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есептері бекітілді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания және ұлттық даму институты. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Артқа қайту