Жаңалықтар

СҚО-да астықты өңдеу және биоэтанолды өндіру зауытында екінші технологиялық желіні іске қосты

Жариялау күні : 12.10.2018

Солтүстік Қазақстан облысында бір жарым жылдан астам уақыт бойы отандық инвесторлар астықты және биоэтанолды терең өңдеу зауытында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлағандай, бірегей өндірістік кәсіпорын Тайынша қ. үшін қала құрушы болады және жалпы Солтүстік Қазақстан облысында экономиканы дамыту үшін мықты мультипликативтік әсер береді. Өндірісте шамамен 400 қазақстандық мамандар жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар өндіріс үшін тек жергілікті шикізат қолданылады.

 «Кәсіпорынды қалпына келтірудің үлкен ерекшелігі мен технологиялық күрделілігін ескере отырып, жаңғыртылған жұмыстарды біз 3 кезеңге бөлдік – деп айтады отандық инвестор, «BiolineKz» ЖШС басшысы Алихан Талғатбек.

– «2017-2018 жылдарға есептелген бірінші екі кезеңдер шеңберінде ұнды өндіру бойынша диірмен кешені іске қосылды, қазіргі уақытта біз крахмал, балауыз және жемшөп өнімдерінің өндірісін іске қосамыз. Екі кезең табысты өтті, үшінші кезең 2019 жылдан бастап 2020 жылдарға дейін іске асырылатын болады және ол биоэтанол өндірісін қамтитын болады. Біз оған алдын ала дайындалудамыз және экологиялық таза өнім өндірісіне көшуге технологиялық дайындықты бастау үшін мұнай өңдеу зауыттарымен келіссөздер жүргізудеміз. Жаңғыртудың тек бірінші кезеңі шеңберінде инвестициялар сомасы шамамен 5 млрд. теңгені құрады. Өңдеу қуаты жылына 300,0 мың тоннаны құрайды. Ұнды өндіру қуаты – 83 мың тн/жыл, крахмал – 39 мың тн/жыл, балауыз – 10 мың тн.жыл, жемшөп өнімдер – 41 мың тн/жыл».

Одан басқа «BioОperations» ЖШС бас директоры Сабит Ахметовтың сөздері бойынша кәсіпорында технологияларды жаңғырту өткізілген және экологиялық сипаттағы мәселелер шешілуде:

- «Біз осыны бастаған бетте бірден барлық мәселелер кешенін көрдік. Сондықтан ең әуелі біз төпті кептіргішті сатып алды. Бұл Қазақстан үшін теңдессіз неміс жабдығы, ол толығымен қалдықтарды өңдейді, осылайша шығысында су алады. Тазалау құрылыстарының бірінші кешені салынды, барлығы үш тазалау кезеңі қарастырылған, олар – механикалық, химиялық және биологиялық. Олардың бірінші екеуі жұмыс істейді. Аудан орталығы үшін таза ауаның экологиялық мәселесі барынша қысқы мерзімде шешілетін болады».

«Ағымдағы мәртебе міндеттерінен келесілер іске асырылды: өндірістік қуаттың энергиясын қамтамасыз ету, сумен жабдықтаудың сыртқы және ішкі желілері қалпына келтірілген, су сорғы станциясы қалпына келтірілген, мазут шаруашылығы және қазан цехы жаңғыртылған, - деп айтады «BioОperations» ЖШС техникалық директоры Евгений Келин. – Жаңа технологиялық жабдықты монтаждау жүргізілуде, - олар бос тұрып қалған жылдары сапалық ескіріп қана қоймай, сонымен қатар жартылай істен шыққан. Жұмыс көлемі соншалық көп, тіпті цехты жаңадан жабдықтаған оңайырақ болар еді».

Бұл кезеңнің өндіріс қуаты крахмал бойынша – 77 мың тн./жыл, балауыз бойынша – 20 мың тн/жыл, биоэтанол бойынша – 36 мың тн./жыл және құрғақ жемшөп төп бойынша – 72 мың тн./жыл. Өңдеу бойынша зауыттың жобалық қуаты рекордтық санға – жылына 300 мың тонна астықты құрайды. Ұн тарту өнеркәсібіне талап етілетін 3-ші санатты сапалы астықтан басқа отынға экологиялық таза қоспа өндірісіне төмен санатты сапасы төмен бидай жұмсалады.

Айта кету керек, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚИҚ) инвестициялық портфеліне «Биохим» жобасы 2014 жылдың ақпанында наразылық-талап арыз процедураларын жүзеге асыру және сауықтыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-нан келіп түсті. ҚИҚ атқарушылық өндіріс шеңберінде берешекті өтеу бойынша процедура өткізді. 2016 жылдың желтоқсанында берілген жұмысты аяқтағаннан кейін «ҚМГ-ӨМ» ЖШС және «Bioline KZ» ЖШС инвесторларымен үш жақты шартқа қол қою жолымен мәміле жасаудың бірінші кезеңі өтті.

2017 жылдың сәуірінде Қор құрған «BioOperations» ЖШС жобалық компанияның балансындағы «Биохим» зауытының өндірістік активтерін сатып алу-сату мәмілесін жасады. «BioOperations» ЖШС жарғылық капиталдағы 100%-дық қатысу үлесі «Bioline KZ» ЖШС және «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ отандық инвесторлармен іске асырылды.

«Мәміле құны 7 млрд теңгені құрады, «BiolineKz» ЖШС сатып алынған үлесі акцияның 75%, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ АҚ үлесі – акцияның 25 % құрады. Шарт талаптары бойынша сома бірнеше жыл бойы кезең-кезеңмен төленеді. «Биохим» зауыты Қордың маңызды жобасы ғана емес, сонымен қатар мемлекет үшін стратегиялық маңызды өндірістік объектілердің бірі болып табылады. Толық іске қосқаннан кейін кәсіпорында қайтадан 400 адамға дейін жұмыс істейтін болады. Қазірдің өзінде өндірісте 320-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Жоба импортты алмастыруға және мемлекеттің отын қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағдарланған», - деп белгіледі шартқа қол қоюшы, ҚИҚ басқарма төрағасы Ермек Сакишев.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – стресстік активтерді қайта құру және басқару саласындағы  басқарушы компания және дамытудың мемлекеттік институты. Қор «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Фотосурет галереясы

Артқа қайту