Қаржы есептілігі

«ҚИҚ» АҚ Қордың қаржылық нәтижелеріне мүдделі барлық тұлғалар үшін өзінің қаржылық айқындылығының жоғары деңгейін үнемі ұстайды. Қор есептілігін Халықаралық стандарттар бойынша жасайды. Жылдық қаржы есептілігі Қордың веб-сайтының беттерінде үнемі көрсетіліп отырады.

Қордың акционеріне ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) дивидендтерді төлеуге бекітілген мөлшері туралы ақпарат:

  • "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Жалғыз акционерінің 29.05.2019 ж. №29/19 шешіміне сәйкес 26.08.2019 ж. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 337 202 022.56 теңге сомасында дивидендтер төлемі жүзеге асырылды;
  • 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қор Акционеріне дивидендтер төленген жоқ;
  • "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Жалғыз акционерінің 24.05.2017 ж. №22/17 шешіміне сәйкес 28.08.2017 ж. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 215 334 728,68 теңге сомасында дивидендтер төлемі жүзеге асырылды;
  • 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қор Акционеріне дивидендтер төленген жоқ.

Қордың жарияланған акцияларының саны туралы ақпарат:

  • 28.12.2018 қордың орналастырылған акцияларының саны 40 912 дананы құрайды.
  • 01.01.2017 ж. жағдай бойынша Қордың жарияланған акцияларының саны 41 100 дананы құрады;
  • 01.01.2016 ж. жағдай бойынша Қордың орналастырылған акцияларының саны 38 912 дананы құрады.