Омбудсмен

Арыстанбеков Равиль Ильзатұлы 
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
Комплаенс қызметінің басшысы,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Омбудсмені

Кодекске сай Омбудсменнің негізгі міндеттері – Қор жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларының Қордың Іскерлік әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз ету және Кодекстің ережелерін түсіндіру, Қор жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларына корпоративтік жанжалдар мен мүдде қайшылығының алдын алуға және шешуге көмектесу, Қор жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларына Қордағы заңға қайшы келетін әрекеттер туралы хабарлауына көмектесу. Бұл ретте Кодекстің 64-тармағына сәйкес Омбудсмен Іскерлік әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен Қор ішкі құжаттарының ережелерін бұзу фактісі бойынша жүгінген жұмыскердің, лауазымды тұлғаның аты-жөнінің көрсетілмеуін қамтамасыз етуі қажет.

1) Омбудсменге жеке және тікелей мына мекенжай бойынша: 1210 кабинет (12-ші қабат), «Бәйтерек» бизнес-орталығы, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А ғимарат, В блогы.

2) ауызша түрде +7(7172) 955-988 телефоны бойынша;

3) жазбаша түрде мына электронды пошта бойынша:

OmbudsmanDO@baiterek.gov.kz. және мына мекенжай бойынша қағаз тасымалдағышында жүгінуге болады: конвертте «ҚИҚ Омбудсменіне» белгісімен Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы. Мұндай конверттерді (пакеттерді) ҚИҚ іс жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер Омбудсменге ашылмаған түрде тапсырады.