Қор басшылығы

Сәкішев Ермек Рахатұлы, Басқарма Төрағасы 

Сәкішев Ермек Рахатұлы Қазақ Мемлекеттік Құқық университетін, Қазақ менеджмент, экономика және болжау инстиутын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман лауазымынан бастаған. 2005 жылдан 2007 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында, авл 2008 жылдан 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшыдан бастап әлеуметтік-экономикалық мониторинг секторының меңгерушісіне дейінгі  сатыларда қызмет еткен.

2011 жылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да инновациялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында басшылық сатыларын иеленген. 2015 жылы «Байтерек девелопмент» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын иеленген.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Қордың жалпы басшылығы, қауіпсіздік, HR

Бекбосынов Айдос Сабыржанұлы, Төраға орынбасары-Басқарма мүшесі 

Бекбосынов Айдос Сабыржанұлы «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетті; Инновациялық Еуразия Университетінде МВА магистратурасын бітірген.

Қазақстан азаматы. 

Еңбек қызметін 2006 жылы «АТФ Банк» АҚ-да ШОБ несиелендіру бөлімінің шағын несиелендіру секторының маманы лауазымынан бастаған. 2006 жылдан 2009 жылға дейін банк секторындағы маманнан бастап квазимемлекеттік сектордағы бөлім бастығына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» АҚ Вице-президенті лауазымында болды. 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

Басшылық ұстанымындағы жалпы жұмыс өтілі - 7 жылдан астам.

Тағайындау күні-23.02.2015 жыл. 

Үлестес компаниялардың акциялары жоқ. 

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.

Проблемалы активтермен жұмыс, борыштарды өндіріп алу, тәуекелдерді басқару

Бахытжан Нигмеджанович Макажанов, Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі

Бахытжан Нигмеджанович Макажанов - «Болашақ» стипендиясының иесі.

Лондонның патшайым Мария университетінің – экономика, қаржы және менеджмент саласында бакалавриатты, сондай-ақ банк ісі және қаржы саласында магистратураны үздік аяқтап шықты.

2012-2013 жылдары «Казгеология» АҚ-да жұмыс істеп жүріп, жобаларды қорландыруды талдамен, бизнес-үдерістер картасын енгізумен айналысты.

2014-2015 жылдары «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ-да Болжау, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры лауазымын және Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі міндеттерін атқарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Қаржы-экономикалық және шаруашылық-әкімшілік қызмет

Рахимберлин Алмас Мейіржанұлы, Төрағаның Орынбасары-Басқарма Мүшесі

Рахимберлин Алмас Мейіржанұлы шет тілі білімі бар білікті заңгер, құқықтану мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Қазақстан азаматы.

Еңбек қызметін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымында 2003 жылы «Ремвагон» АҚ филиалдарын экономикалық талдау және қайта құрылымдау секторының бас маманы лауазымынан бастаған. 2003 жылдан 2016 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ведомствосының қарамағындағы компанияларда жұмыс істей тұрып, маман қызметінен заң және кадр жұмысы қызметінің бастығына дейін қызмет атқарды.

2016 жылдан бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-да «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры лауазымында жұмыс істейді.

Үлестес компаниялардың акциялары жоқ. Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес. Тағайындау күні-28.12.2018 жыл.

Қордың инвестициялық қызметі, оның мониторингі және талдауы