Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Қор өз қызметінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде Қор тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Жоспарында қазақстандық қамту үлесін жоспарлы түрде арттыруда. Жас мамандарды қолдау мақсатында Қор жыл сайын студенттерді практикаға және тағылымдамаға қабылдауды жүзеге асырады және осылайша жыл сайын кәсіби кадрларды қалыптастыруға өз үлесін қосады. Қор жұмыскерлерінің бастамашыл тобы компания атынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына үнемі көмек көрсетеді.