Инвесторларға

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен ынтымақтастық мүмкіндіктері
Орындалған жобалар. Жалға беру. Консалтинг. Аукцион. Тексеру тізімі

Жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингі ірі бизнесті қалай қолдауда

«Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымдары арқылы қазақстандық бизнесті дамытуға, инвестициялық жобаларға жеңілдікті кредит беру мен экспорттық операциялардан бастап жобалық компаниялардың капиталына қосылуға және инвесторларды тартуға көмектесуге дейін жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл қолдаудың негізгі құралдарымен арнайы дайындалған инфографика арқасында танысуға болады.

2018 жылдың соңына қарай зауыт Ақтөбе облысында іске қосылады

Зауытта ұялы автоклавты газдалған бетон өндірісі бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. 2017 жылдың желтоқсанында «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ (Қор, ХҚК) ұялы автоклавты газдалған бетон өндіретін зауыттың өндірістік кешенінің мүлкін сатып алу-сату мәмілесін аяқтады. Қормен ресейлік-қазақстандық инвестор, «ТД Фотон» ЖШС тартылды, келісімшарт сомасы 1,569,877 мың теңгені құрады.

Арнайы кокс өндіру және электр және жылу энергиясын өндіру бойынша ...

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Арнайы коксты өндіру және электр және жылу энергиясын өндіру бойынша кешенін (бұдан әрі – Кешен) сатуға/жалға беруге/қарызға беруге шығару туралы хабарлайды.

Барлық жаңалықтар
IFK

Қор туралы

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания және мемлекеттік даму институты болып табылады. Қор ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырындағы №501 Қаулысымен құрылған. 2014 жылдың 14 қарашанында Қор 2014–2023 жылдарға арналған түбегейлі жаңа даму Стратегиясын қабылдады, оған сәйкес стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы кәсіби басқарушы компания ретінде қалыптасуға бағыт алынды. Қордың стратегиялық мақсаты болып мемлекеттік қаражаттар мен инвестициялардың қайтарылуының өсу қарқынын артыру және соның салдары ретінде ұлттық даму институттарының қызметтерін сауықтыру және тиімділігін арттыру табылады. «ҚИҚ» АҚ-ның жалғыз акционері болып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ табылады.

Біздің серіктестеріміз